Алматыда жас жұп есірткіні жасырып жатқан жерінен ұсталды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жас жұп есірткіні жасырып жатқан жерінен ұсталды

Алматыда жас жұп есірткіні жасырып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 жастағы К.есімді азамат және оның 20 жастағы серігі Приканальная көшесінде жедел қызметкерлердің көзіне түсті.

«Жастардың іс-қимылы күдікті болып көрінді. Бір қарағанда, олар қараңғыда бірдеңе іздегендей болды. Бірақ іс жүзінде олар керісінше, тұтынушымен алдын-ала келісілген жерге «жылдамдық» есірткісін жасырған. Жеке тінту кезінде олардан заттай 15 бума табылды және тәркіленді, заттың  шығу тегі сот-химиялық сараптамасымен анықталады, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Бұл факті бойынша тергеуді Алатау аудандық Полиция басқармасы жүргізіп жатыр. ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.