«ҚазМұнайТеңіз» жатақханасындағы өрт: зардап шеккен екі адамның қазіргі жай-күйі айтылды
Өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт шығып, 2 адам қайтыс болды, 2 адам ауруханаға түсті, қалғаны көрші жатақханаға көшірілді.
Қыркүйектің 6-ы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты.
Қазір уақытта өрт сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға кезінде екі адам көз жұмған, үш адам жарақат алған.
Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.
Өртенген жатақханада 10 адам болған. Екеуі көз жұмды, 2 адам ауруханаға түсті. Қалған 6 адам өзге жатақханаға көшірілді.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі – 37 жастағы Бейнеу ауданының тұрғыны. Ол өрт кезінде жатақхана терезесінен секіріп, өкше сүйегін сындырып, қолын жарақаттап алған. Ол орталық аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды.
Тағы бір зардап шегуші – 56 жастағы Құлсары қаласының (Атырау облысы) тұрғыны. Ол да терезеден секірген, жарақат алмады, бірақ иіс газынан уланып қалған. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.