Алматылық тұрғынның өз балаларын кепілге алғаны рас па?

Полицияға шағымданған әйел күйеуіне қатысты арыз жазудан бас тартқан

Алматылық тұрғынның өз балаларын кепілге алғаны рас па?
көрнекі сурет

Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер бұл дерек Алмалы ауданындағы үйлердің бірінде болғанын хабарлады.

«102» пультіне жергілікті тұрғын - әйел адам қоңырау шалып, қатты мас күйде болған Р. есімді күйеуінің (1984 жылы туған) отбасында жанжал шығарғанын, нәтижесінде кенже баласын алып сыртқа шығып, полиция шақыртуға мәжбүр болғанын айтқан.

«Мас адам ұсталды және полицияға жеткізілді, оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, шара қолданылады. Әйел күйеуіне қатысты ресми арыз жазудан бас тартты. Бұл жанұя қолайсыз отбасы ретінде тіркелгенін ескеремін. Кепілге алынғандар туралы ақпарат расталмады», - деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибутов көрші подьездегі тұрғынның өз балаларын кепілдікке алып, полициямен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.