$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.09.2021, 12:52
Оқиғалар

Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды

Жүргізуші көлікті мас күйінде айдаған

Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда жол апаты болып, 1986 жылы туған жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnew.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 5 қыркүйек күні сағат 04.00-де  Бакинская-Сұрағанов көшелерінің қиылысында "Опель Фронтера" автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. 

«Жүргізуші туыстарымен алкогольді сусындар ішкені анықталды. Осыдан кейін ол мас күйінде көлікті басқарды. Барлық туыстар ер адамның мұндай жағдайда рульге отыратынын білген, бірақ оны ешкім тоқтатқан жоқ», - деді баспасөз қызметінде.

Полиция автокөліктің арнайы айып тұрағына қамауға алынғанын хабарлады. ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-1-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 356 ЖКО тіркелген, салдарынан 31 адам қаза тапты,  504 адам жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары