Шекарашылар контрабандалық жолмен тауар тасымалдаудың алдын алды
Жүк құрамы Өскемен қаласынан Рубцовск қаласына бағытталған
ШҚ ШҚО бойынша Департаментінің «Шемонаиха» теміржол өткізу пунктінің шекарашылары желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге «Өскемен» станциясында халық тұтынатын тауарларды құрылыс материалдары ретінде көрсетіп заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап..
Жүк құрамы Өскемен (Қазақстан) қаласынан Рубцовск (Ресей) қаласына бағытталған. Вагондардың бірінен тауарлық-ілеспе құжаттарда мәлімделгендей: күлмақта, минералды силикатты мақта және соған ұқсас заттардың (олардың қоспаларын қоса алғанда) орнына тиелген 130-150 текше метрге жуық аяқ киім табылды.
Қылмыстық кодекстің 195-бабының 1-тармағы бойынша қарастырылған «Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру» қылмыс құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.