26.08.2021, 13:53
Оқиғалар
Атырауда электр жөндеушіні тоқ соғып, мерт болды
Бұл жағдайға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды
фото: azh.kz
Атырауда 59 жастағы электр бағанында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 тамыз күні 14:30 шамасында Нұрсая-3 мөлтекауданында болған, деп хабарлайды azh.kz.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағы (Абайсыздықта адам өліміне әкелген еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
