Ақтөбеде бойжеткен 16 жастағы жасөспірімнің телефонын ұрлап кетті
Қазіргі уақытта полиция күдікті қызды ұстауға бірқатар іс-шаралар жүргізуде
Ақтөбеде бойжеткен қыз 16 жастағы жасөспірімнің телефонын ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
«13 тамызда сағат 20.40 шамасында Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионның маңында жүрген 16 жастағы жасөспірімге белгісіз бойжеткен ұялы телефоны арқылы қоңырау шалу туралы өтініш айтады. Бірақ телефонды алып, қыз белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жасөспірім өзін қыздың алдап кеткенін түсініп, полицияға жүгінді»,- делінген хабарламада..
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті қызды анықтауға және ұстауға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізуде.
Соңғы аптада полицияға Ақтөбенің бірнеше тұрғыны көшеде белгісіз біреу келіп, ұялы телефонын қоңырау шалу үшін алып, телефонмен қашып кеткенін айтты.