$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.08.2021, 11:22
Оқиғалар

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты

Тағы екі адам ауруханада жатыр

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты

Түркістан облысының полицейлері мас күйде жол-көлік оқиғасын жасаған күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-ға ауруханалардың бірінен хабарлама келіп түсті. Онда “Екпінді – Бірлік” тасжолының бойында Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі УАЗ көлігімен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасағаны көрсетілген. Салдарынан УАЗ көлігінің ішінде болған жолаушылардың бірі қайтыс болып, қалған екі азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Полиция қызметкерлері хабарды алысымен бірден жолға шығып, оқиға орнына жедел жетті. Тәртіп сақшылары күдікті азаматты оқиға орнынан ұстап, ПБ-ға жеткізді.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары