Қарағандыда бір отбасын қырып салған күдіктіге қатысты жаңа деректер шықты

Қаскөй мен үй иесінің арасындағы жанжалға резиналы қайық себеп болған

Қарағандыда бір отбасын қырып салған күдіктіге қатысты жаңа деректер шықты
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі  үш адамның өліміне қатысты қылмыстық істің жай-жапсары жария етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Патриот» telegram-каналының ақпаратынша, күдіктінің бір отбасы мүшелерін қырып салуына резиналы қайық себеп болған. 

Қылмыс құрбандары – ерлі-зайыптылар мен олардың 21 жастағы қызы. Олардың өліміне күдікті ретінде марқұм отағасының әріптесі қамауға алынды.

«Арадағы жанжал резиналы қайықтан шыққан. Күдікті үй иесімен қайық үшін жандалдасып қалған. Ашу үстінде ол үй иесіне пышақ тығып, ауыр жаралаған. Белгілі болғандай, қаскөй екі адамды бақшада, біреуін үйде өлтірген. Прокуратурадағы дереккөз оқиғаның осылай өрбігенін растады», - делінген ақпаратта. 

Отбасының сондай-ақ, 27 жастағы қызы бар. Ол қылмыс болған сәтте Қарағандыда болған екен.

Еске салсақ, жантүршігерлік қылмыс 13 тамыз күні Ағадыр кентінде болған. Қандықол қаскөй бір үйдің үш адамын пышақтап өлтіріп кеткен.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.