$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2021, 00:14
Оқиғалар

Қарағанды облысында бір отбасының 3 адамын өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

 

Қарағанды облысында бір отбасының 3 адамын өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті
Фото: ашық дереккөзден

Жұма күні Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі жеке үйден үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Оқиға 13 тамыз күні сағат 15:40 шамасында болған. Пышақ жарақатынан қайтыс болған марқұмдар: 58 жастағы ер адам мен оның 59 жастағы әйелі және 21 жастағы қызы.

Оқиға орнына Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров бастаған жедел тергеу тобы және облыстық прокуратураның қызметкерлері шықты.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызмектерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы адамды «ізін суытпай» ұстады. Ол арадағы жанжалдан соң жәбірленушілерге пышақ жарақатын салғанын мойындады», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары