$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2021, 17:08
Оқиғалар

Павлодарда 50 адамнан алдап ақша алған алаяқ ұсталды

Алаяққа адамдар 10-200 мың теңге аралығында ақша аударған

Павлодарда 50 адамнан алдап ақша алған алаяқ ұсталды

Алаяққа адамдар 10-200 мың теңге аралығында ақша аударған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті мәлім етті.

«Жамбыл облысының тұрғыны instagram желісінде жалған есіммен парақша ашып, өзін қыз ретінде таныстырған. Ол ақшаны инвестициялық жобаларға салу арқылы қысқа мерзімде ірі табыстар табуды ұсынған. Жобаны айналымға енгізу үшін ер адам қаражатты «1Xbet» букмекерлік кеңсесіндегі шотына аударуды сұраған», - деді полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов.

Полиция бүгінгі күні алаяқтық жасаған күдіктінің қолынан республика бойынша 50 адам зардап шеккенін атап өтті. Жәбірленушілер 10-нан 200 мың теңгеге дейін ақша салған. Алданғандардың ішінде алғашқылардың бірі Павлодар облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары