Жамбыл облысында жол-көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Жамбыл облысында екі көліктің соқтығысуы салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рolisia.kz порталының жазуынша, қайғылы оқиға 12 тамыз күні сағат 01.10 шамасында болған.

«Жамбыл ауданы Гродеково ауылының Ақжол көшесінде орналасқан “ҚазМұнайГаз” автожанармай құю бекетінің жанында Mercedes Benz және BMW маркалы екі көлік соқтығысты.  Апат салдарынан Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.