Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған 7 мекеме жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында карантин шектеулерінің сақталуын тексеріп, ондаған мекемеде саннормалардың бұзылғанын анықтайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Өткен тәулікте, 10 тамызда елордада 7 кәсіпкерлік нысанда бұзушылықтар анықталды.
Есіл ауданында орналасқан «Chechil pub» барында жұмыс режимі сақталмаған. Сарыарқа ауданындағы «Шашлыкофф» дәмханасында да карантин бұзылды.
Алматы ауданында карантин шектеулерін бұзғандар тізіміне 5 мекеме енді: «Сұлтан MIX» кафесі, «Алас» саунасы, «ХЗ» бары, Әлиев көшесіндегі спа салон және «Какие люди» бары.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.
Естеріңізге сала кетейік, , коронавируспен ауырғандар санының өсуі жалғасуда, күн сайын КВИ жұқтырудың 1200 жаңа жағдайы тіркеледі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады.