Өскеменде 14 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр

8 тамыз күні үйінен дүкенге шығып кеткен жасөспірім қайтып оралмаған

Өскеменде екі күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен Жанерке Қанапиянованы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алтайньюс порталының жазуынша, 2021 жылдың 8 тамызында үйінен дүкенге шығып кеткен жасөспірім қайтып оралмаған.

Қыздың туыстарының айтуынша, соңғы рет оны 19-шағынаудандағы Oskemen аллеясында көрген.

«8 тамызда 102-арнаға 2007 жылы туған Қанапиянова Жанерке Дәуренқызының анасы сол күні Әл-Фараби даңғылы, 26/1-39 мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткенін, қайтып оралмағанын айтып, кәмелетке толмаған қызын іздеуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді Қазіргі уақытта Өскемен қаласының полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізуде», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жоғалған күні қыз ақ футболка, қара шалбар және қызыл кроссовка киген. Жанерке Канапиянованы көрген немесе кез келген ақпараты бар адамдардың 87771696466 нөміріне немесе 102 арнасына хабарласуын сұраймыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.