$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2021, 22:54
Оқиғалар

Ақмолада бірнеше рет сотталған ер адам жоқ пәтерлерді жалға берген

Зардап шеккен азаматтар хабарландыру сайтынан жалға берілетін үй іздеген

 
Ақмолада бірнеше рет сотталған ер адам жоқ пәтерлерді жалға берген
Фото: ашық дереккөзден

Ақмолада Теміртау қаласының тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Полиция басқармасына көмек алу үшін 27 жастағы қостанайлық тұрғын, Екібастұз қаласының 21 жастағы тұрғыны және Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғыны жүгінді. Олар белгісіз адамның  алдау жолымен ақша қаражатын алып кеткенін айтты. Зардап шеккендердің барлығы Olх хабарландыру сайтынан жалға берілетін тұрғын үй іздегені белгілі болды. Олар хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалған кезде, 10-20 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасау ұсынылған. Ақша аударылғаннан кейін жарнаманың авторы байланысқа шығуды тоқтатқан», - делінген хабарламада.

Ақмола облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Теміртау қаласының аумағында «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бұрын бірнеше рет сотталған, сондай-ақ республиканың түрлі өңірінің тұрғындарынан алдау жолымен ақша алған 31 жастағы теміртаулық тұрғынды анықтады.

Ер адам өз ісін мойындады. Оған «ешқайда кетпеу туралы қолхат» мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Серіктес жаңалықтары