22.12.2019, 12:29
Оқиғалар
Ақмола облысында көлік ішінде қалған адам көз жұмды
Оның қасында болған тағы бір адамның жағдайы ауыр
Фото: ашық дереккөзден
Ақмола облысының Щучье қаласында гаражда тұрған көліктің ішінде болған екі ер адамға иіс тиген. Оның бірі – 39 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, көз жұмған ер адам 1980 жылғы. Ал, оның қасында болған 1981 жылғы ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға 21 желтоқсан күні болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, екеуінің де көлік түтігінен шыққан газдан уланғаны анықталып отыр. Қазір осы оқиға байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Көп оқылған
13.08.2026, 10:25
Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)
13.08.2026, 17:45
35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
13.08.2026, 11:25
Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады
Бүгін, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды