22.12.2019, 12:53
Оқиғалар
Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, алтауы жарақат алды
Жарақат алғандардың ішінде Қытай азаматы да бар
Фото: inform.kz
Атырау облысындағы тас жолда екі автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам мерт болып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мақат ауданы аумағында «LADA Priora» және«Lexus» маркалы көліктер соқтығысқан. Мақат аудандық ауруханасынан оқиға орнында екі адам қаза тапқанын хабарлады.
Жарақат алғандардың ішінде Қытай азаматы да бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң 2 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Өзгелері Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды