03.08.2021, 00:08
Оқиғалар
Маңғыстаулық әйел Шымкентке барар жолда үш баласымен бірге жоғалып кетті
Ең кіші баласы – 40 күндік шақалақ
Дилбара Тілеулесова Маңғыстау облысынан Шымкентке үш баласымен бірге пойызбен шығып, із-түссіз жоғалып кетті деп жазады «Лада» порталы. Ол діттеген жеріне дейін жетпеген.
Әйел мен балаларының қайда екені белгісіз. Оның үш баласы да кәмелет жасына толмаған. Кішісі небәрі 40 күндік шақалақ.
Туыстары Дилбара Тілеулесованы көрген-білгендер болса 8705 7700438, 87016606096 немесе 102 номеріне хабарласуды сұрайды.
Полиция мен әйелдің туыстары іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
