Алматыда он жастағы балаға азғындық жасаған педофил сотталды
Досының сүйіктісінің үйіне жиі барып жүрген азғын жеткіншектің жанына қонып қалуды әдетке айналдырған
Алматыда он жастағы балаға азғындық әрекеттер жасаған педофил 20 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлімдеді. етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық ПД басшысы орынбасарының мәліметінше, 1996 жылы туған Noori Khalil есімді азамат 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың 2 желтоқсаны аралығында 2010 жылы туған «С» есімді жеткіншекке қатысты екі мәрте сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.
«2020 жылдың 3 желтоқсанында жәбірленген жеткіншектің анасы үйінде кір киімдерді тазалау кезінде ұлының ақ дақтар жағылған іш киімін тауып алған. Ұлы анасына түнде ұйықтап жатқанда Noori Khalil-дің жанында жатқанын және оның өзіне азғындық әрекеттер жасағанын айтып берген. Анықталғандай, Noori Khalil баланың анасының бірге тұратын сүйіктісінің досы болған және олардың үйіне жиі қонып жүрген екен», - деп жазды Рустам Абдрахманов Facebook-тегі парақшасында.
Бір бөлмеде ұйықтауға мүмкіндік берілгенін пайдаланған азғын баланы «ұялы телефонмен ойнатамын» деп жанына шақырып алған. Ойында еш күдік болмаған жеткіншек ер адамның ұсынысына қуана келіскен. Баланың жанына алып алған педофил өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырған.
«2020 жылдың желтоқсанында болған қылмысты тергеу барысында біз 2019 жылдың қараша айында да осыған ұқсас тағы бір қылмыстың болғанын анықтадық. Баланың айтуынша, ол Noori Khalil-ді өзінің үлкен ағасы ретінде қабылдап, үйге келген сайын оны «Хан» деп атаған.
Noori Khalil есімді азаматтың қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК- нің 121-бабы 4-бөлігі – Жас балаға қатысты бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша анықталды», - деп жазды Ркстам Абдрахманов.
Сот Noori Khalil есімді азаматқа педагогикалық қызметтер және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтер атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.