ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Петропавл қаласының маңында жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Жедел жәрдем көлігіндегі науқас басқа арнайы көлікпен облыстық ауруханаға жеткізілді

фото: polisia.kz

Петропавл қаласының маңында жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылды. 29 шілде сағат 14.00 шамасында «Жезқазған-Петропавл» автожолының 949 шақырымында (аудан орталығы Бескөлдің Калинин к., қиылысында) Бескөл ауылының 27 жастағы тұрғыны басқарған Chrysler автокөлігі мен облыстық ауруханаға Шал ақын ауданынан науқасты жеткізіп бара жатқан Сергеевка қаласының 55 жастағы тұрғыны басқарған ГАЗель маркалы жедел жәрдем арнайы көлігі соғылған.

Жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылған. Жол апатына ұшырағандардың ешқайсы медициналық көмекке жүгінген жоқ. Жедел жәрдем көлігіндегі науқас басқа арнайы көлікпен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Биыл жыл басынан бері СҚО-да 80 жол апаты тіркеліп, салдарынан 12 адам қаза тапқан және 99 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.