Ата-анасына зорлық көрсетіп жүрген жас әйелге ескерту жасалды

Ол ата-анасына қол көтерген

Ата-анасына зорлық көрсетіп жүрген жас әйелге ескерту жасалды
көрнекі сурет

Бірнеше айдан бері Алматы қаласының Наурызбай ауданында тұратын зейнеткерлер туған немересінен зорлық көруде. 29 жастағы С.есімді азаматша бүкіл отбасын үрейде ұстап отыр.

«2021 жылы 28 мамырда Наурызбай ауданының ПБ-на 1943 жылы туған С.есімді азаматтан қызының ата-анасына қарсы қол көтеретіні туралы шағым келіп түсті. Әжесі сонымен қатар, жанжал кезінде немересі оларды үйден қуып шығатынын, үйде жанжал шығаратынын, үй заттарын сындыратындығын, өгей бауырын «түрмеге жабамын» деп қорқытатындығы туралы айтты», - дейді, Наурызбай аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дидар Аханов.

2 маусымда С.есімді азаматшаға 1943 жылы туған С.есімді азаматшаның қауіпсіздігіне қатысты бұйрық шығарылды. Алайда ол бұйрықпен танысқаны туралы қол қоюдан бас тартты, осыған орай акт толтырылды.

Құқық бұзушының әкімшілік сотқа келуден бірнеше рет бас тартқанынан кейін оны полиция қызметкерлері әкімшілік материалды қарау үшін мәжбүрлеп сотқа жеткізді.

Бұл материал 2021 жылдың 28 шілдесінде Алматы қаласының МАӘС-да қаралды және ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылды.

«Полиция қызметкерлері залым әйелдің жақын туыстарына қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін бұл мекен-жайға күн сайын келеді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.