ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

Қарағандыда жүргізушілердің кесірінен әкелі-балалы екі адам қаза тапты

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы көлікте жолаушы болып отырған

 

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатында әкелі-балалы қайтыс болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бір отбасы мүшелері жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен көз жұмған.

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы болып отырған.

Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді. Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген.

Мәліметтерге қарағанда, ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.