ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Жалған ПТР-тестін жасап сатқан екі оралдық бозбала ұсталды

Бар болғаны 19 жастағы жігіттер ресейлік медициналық мекеменің шақыруларын да жасаған

Көрнекі фото

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері медициналық құжаттарды қолдан жасаудың қылмыстық схемасын, атап айтқанда, COVID-ке ПТР-тест нәтижелерін және РФ медициналық мекемелерінен шақыру анықтамаларын жасаған екі адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Криминалдық полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Орал қаласының тұрғындары 2002 жылы туған П. және А. азаматтарын ұстады. Олар ПТР-тестін сканерлеп алып, анкеталық мәліметтерді өзгерту арқылы жаңа ПТР-тесттерін жасаумен айналысқан. Сондай-ақ, «кәсіпкерлер» Ресей Федерациясында орналасқан медициналық мекеменің мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту үшін шақыруларын жасап сатқан», - деді полиция.

Тінту іс-шараларын жүргізу барысында және жеке тексеру кезінде айыпталушылардан олардың қылмыстық қызметін растайтын тиісті құжаттар, ноутбук және белгілі сомадағы қаражат тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.