Қызылордада ойын-сауық орталығында жарылыс болды

Оқиғадан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Қызылордада ойын-сауық орталығында жарылыс болды

Қызылордада ойын-сауық орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 19 шілдеде сағат 07:20-да Қызылорда қаласындағы ойын-сауық орталықтардың бірінде жарылыс болды. Оның салдарынан орталық жанындағы ағаш сарай мен көлемі 50 шаршы метр болатын бастырма (навес) құлады. Сондай-ақ Жеңіс көшесіндегі тұрғын үйлердің/\рінің терезелері де зақымдалды.

Өрт сөндіру қызметінің бірінші бөлімшесі оқиға орнына жергілікті уақытпен сағат 07-24-те жетіп, барлау жұмысын жасап, өрт сөндіру жұмыстарына кіріскен.

Газ жарылысының салдарынан өрт шықты. Өрттен аумағы 200 шаршы метр құрайтын балаларға арналған ойын-сауық орталығының бірінші қабаты жанып кетті.  

Өрт сағат 07:44 оқшауланып, 08:15-те толығымен сөндірілді. 

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт шығуының алдын ала себебі табиғи газдың ашық қалуы (ағуы). Өртті сөндіруге Қызылорда облысы ТЖ департаментінің (48 қызметкер және 12 бірлік техника), Полиция департаментінің (8 қызметкер және 3 бірлік техника),Медициналық жедел-жәрдем бригадасының (9 қызметкер және 3 бірлік техника), "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның (2 қызметкер және 1 бірлік техника), "КРЭК" АҚ-ның 2 қызметкер және 1 бірлік техника күштері мен құралдары жұмылдырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.