ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде

Жол-көлік оқиғасы Павлодар – Омбы автожолында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 шілде күні сағат 01.25-те Павлодар ауылының жанында «Лада Веста» маркалы автокөлігі «УАЗ» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «УАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші жарақат алып, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды», - деді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Омбы тасжолында жол апатынан зардап шеккен үш адам туралы хабарлады. Олардың бірі - 1991 жылы туған ер адам нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған.

«Ер адамда ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың контузиясы және  төбе желке сүйегінің сынуы тіркелді», - деп нақтылады облыстық Денсаулық сақтау басқармасында.

1996 және 1994 жылы туған зардап шеккен екі ер адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне амбулаториялық бақылауға жіберілді.