$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2021, 23:59
Оқиғалар

Атырауда қоғамдық орында төбелескен үш азамат жауапқа тартылды

Екі азаматқа айыппұл салынса, бір азамат бір тәулікке қамауға алынды

Атырауда қоғамдық орында төбелескен үш азамат жауапқа тартылды
Видеодан кадр

Қоғамдық орында төбелес шығарған үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

14 шілде күні сағат 17:59 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел баскару орталығының бейнебақылау инспекторлары Құрманғазы көшесінде орналасқан “Сафари” кафесінің алдында, яғни қоғамдық орында төбелес шығарып жатырған үш азаматты байқап, оқиға орнына учаскелік полиция инспекторларын жіберген.

«Аталған орынға дереу жеткен учаскелік инспекторлар қоғамдық орында төбелес шығарып тәртіп бұзған 1988, 1989 және 1991 жылдары туған үш азаматты анықтады. Олар өздерінің бір-бірімен өзара келіспей қалған себебінен төбелес шығарғанын айтып, өз кінәларын мойындады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен екі азаматтың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлдар салынып, бір азамат бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары