16.07.2021, 01:45
Оқиғалар
Ақтауда ойыншық тапаншамен елді қорқытқан әйел жауапқа тартылды
Түсіндіру жұмыстарынан кейін ол еркіне жіберілді.
Ақтауда қолына тапанша ұстап, көше кезген әйел елді дүрліктірді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде тарады. Күдіктіні полиция ұстады. Әйелдің тұрақты мекенжайы жоқ. Қолына ұстап жүргені ойыншық қару болып шықты. Түсіндіру жұмыстарынан кейін ол еркіне жіберілді.
«Полицияға бұл бойынша ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы бойынша хаттама жасақталып, профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деді ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Айғаным Рахметова.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды