12.07.2021, 13:57
Оқиғалар
Ақтөбеде пәтер өртеніп, бір адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 9 шілде күні болған
Ақтөбеде Сәңкібай батыр көшесінде пәтер өртеніп кетіп, нәтижесінде бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күннің бірінші жартысында жатақхана бөлмелерінің бірінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы 18 шаршы метрді құрады. Зардап шеккен пәтер иесі 43 жастағы ер адам "80% дененің термиялық күйігі" диагнозымен жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды. Ол есін жимастан қайтыс болды.
Өрттің себебі мен келтірілген залал анықталуда. Сондай-ақ, сот-медициналық және өрт техникалық сараптамалары тағайындалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады;
- – шамдарды терезе, перделер мен төсек жапқыштарының жанында қалдырмаңыз;
- – төсекте, сондай-ақ жанғыш материалдар сақталатын жерде темекі шегуге болмайды;
- – сөндірілмеген сіріңкелерді тастамау керек.
Көп оқылған
14.02.2026, 14:38
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қанша сыйақы алады
14.02.2026, 11:40
Олимпиада-2026: бүгін 17 отандасымыз жарыс жолына шығады
14.02.2026, 17:08
Елімізде бірқатар цифрлық қызмет уақытша қолжетімсіз болады
14.02.2026, 16:42
Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады
14.02.2026, 18:03
Көшкін қаупі жоғары: құтқарушылар Алматы тұрғындарына ескерту жасады