ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

Қарағандыда жазғы лагерьден екі бала жоғалып кетті

Екі қыз аман-есен табылып, ата-аналарына қайтарылды

Қарағандыда жазғы лагерьден екі бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

3 шілде күні сағат 14:40-та Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Язев көшесіндегі жазғы лагерьден 9 және 10 жасар екі қыздың жоғалып кеткендігі жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына Қарағанды Полиция басқармасының бүкіл құрамы дереу аттанды.

«Полицейлер анықтағандай, жоғалған қыздар жазғы лагерьде сурет салу үйірмесіне қатысқан. Оларды ата-аналары сағат 11:00-де әкеліп тастаған. Сабақ 13:00-де аяқталған. Бірақ қызлар лагерьде қалған, себебі ата-аналары оларды уақытылы алып кете алмаған. Үйірме жетекшілері қыздарды далаға алып шығып, ешқайда кетіп қалмауларын ескерткен. Ал өздері дүкенге кеткен.

Дүкеннен қайтып келгенде жетекшілер қыздарды таппай қалған. Алдымен, тәрбиешілер мен ата-аналар балаларды өз бетімен іздеп табуға тырысқан. Нәтиже болмағаннан кейін полицияға хабарласқан. Іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық ауданды аралап шықты. Кейін Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қыздардың қай бағытқа кеткендерін анықтады. Көп ұзамай балалар табылып, ата-аналарына қайтарылды», - делінген полиция ақпаратында.