Алматы облысында шенді шенді полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды
Ол қамауға алынған
Алматы облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары мінген көлікке бірнеше рет оқ атқан күдікті ұсталды деп хабарлайды Департаменттің баспасөз қызметі.
2 шілдеде шұғыл іздестіру шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы азамат қолға түскен.
«Сондай-ақ, тергеу барысында күдікті мінген автокөлік те тәркіленіп алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - делінген аталған ақпаратта.
Еске салайық, аталған оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Алматы-Өскемен тас жолында болған еді. Белгісіз ер адам шенді полицей мінген көлікке бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.