$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.07.2021, 02:02
Оқиғалар

Атырауда үй өртеніп, 49 жастағы әйел қайтыс болды

Оның кішкентай баласы хал үстінде жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда үй өртеніп, 49 жастағы әйел қайтыс болды

Атырау іргесіндегі Тасқала кентінде газдың ауаға тарауы салдарынан үй өртеніп, 49 жастағы әйел қайтыс болды деп жазады Zakon.kz. Оның 12 жасар баласы аса ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген. Жасөспірімнің денесінің 85 пайызын күйік шалған.

Оқиға 2 шілдеде кешкі сағат 19:30 шамасында болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер асханада газ жарылуынан өрт шығып, үйдің шатыры жанып жатқанын анықтаған. Өрт сағат сегізде өшірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 қызметкері жұмылдырылған.

Құтқарушылар оқиға орнынан 49 жастағы әйелдің мәйітін, және қатты жарақат алған 12 жасар баланы алып шығып, дәрігерлерге берді.

Алдын ала болжам бойынша, үй иесі газ қондырғысын өз бетінше орнатып, техника қауіпсіздігін сақтамаған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Атырау #өрт