ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

Алматыда қоймада ірі өрт болды

Өртті сөндіруге авиация күші тартылды

Алматыда қоймада ірі өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«3 шілдеде таңғы сағат 4: 44-те Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне  Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолындағы қоймалардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.   

Күштер мен құралдар жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты. 5 минуттан кейін келген кезде қоймалары ашық жалынмен жанып, өрттің таралуы көрші қоймаларға өрт қаупі төнді. Оқиға орнында Штаб құрылып, 4 өрт сөндіру учаске құрылды. Барлық қолда бар сумен жабдықтау көздері іске қосылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді, өртті сөндіруге авиация тартылды. 

Өртті жоюға 84 қызметкер мен 24 бірлік техника, сондай-ақ қаланың өзара шұғыл ден қою қызметі жұмылдырылды. 

Өрт сағат 07:44-те оқшауланып сағат 08:19-да толығымен жойылды», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.   

Қабылданған шаралардың арқасында сол жерге жақын орналасқан 4 қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді.