$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.07.2021, 14:24
Оқиғалар

Түркістанда көлік басқарып келе жатып есінен танып қалған қыз құтқарылды

Қазіргі уақытта бойжеткеннің жағдайы жақсы

Түркістанда көлік басқарып келе жатып есінен танып қалған қыз құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТО ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметтік көлікпен жұмыстарына кіріскен сақшылар, яғни патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанттары Жанали Шатаев пен Ернар Исахов Алматы -Ташкент-Термез жолында шайқалып кетіп бара жатқан «Тойота-Камри» көлігін байқайды.

Қос полицей жүргізушіге көмек керек екенін бірден түсінеді. Арнайы дабылын қосып, көлікті тоқтатады. Патрульдік полицейлер рульде отырған қыздың есінен танғанын көріп, бірден жедел жәрдемді шақырады. Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсете бастайды.

«Көліктің ары бері қозғалып келе жатқанын байқап, бірден жанына жақындап тоқтаттық. Рульде отырған бойжеткен есін жинай алмай отыр екен. Әріптесіммен бірге тез арада қызды көліктің артқы орындығына жатқызып, қолдары мұздап, жансызданып бара жатқаннан соң, уқалай бастадық. Су беріп, тиісті көмекті көрсеттік.

Көп ұзамай жедел жәрдем жетті. Олар келіп, бойжеткенді жақын маңдағы ауруханаға алып кетті. Осыдан соң қыздың ата-анасына хабарласып, көлігін тапсырдық», - дейді полиция лейтенанты Ернар Исахов.

Қазіргі уақытта бойжеткеннің жағдайы жақсы, көлік басқарып келе жатып өзін жайсыз сезінген бойжеткен тұтынып жүрген дәрілерін ішкен.

Серіктес жаңалықтары