Жалған вакцинация паспортын пайдалану фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды

Ал ПТР-тестілерді қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған

Фото: ашық дереккөзден

Жалған вакцинация паспорттарын пайдалану фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды.Бұл туралы ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

ВАК отырысында Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ПТР-тестілерді қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша жыл басынан бері полиция органдары 23 қылмыстық іс, ал жалған вакцинация паспорттарын пайдалану фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалғанын баяндады.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Ішкі істер министрлігіне ПТР-тест нәтижелерін және вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.