ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда жеке үйдің атын жамылып интимдік қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды

Массаж салонының иесіне қатысты материал жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді

Алматыда жеке үйдің атын жамылып интимдік қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғимарат Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан. Массаж салоны сыртынан қарағанда тұрғын үйге ұқсайтын үлкен коттеджде болған.

«Түнгі сағат ондар шамасында тексеріс жүргізу кезінде жұмыс орнында клиенттерге интимдік қызмет көрсететін алты «массажист» қыз бен әкімші болды. Бұл әйелдер –Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген қонақтар екен. Қызметкерлердің ең үлкені – 28, кішісі – 19-да. Салонның әр қызметкерінің жеке басын тексеру үшін оларды АПБ-ға жеткізді. Массаж салонының иесіне қатысты интимдік қызмет көрсетуге арналған жезөкшелер үйін ұстауға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша материал жинақталды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.