01.07.2021, 12:22
Оқиғалар
Ақтөбеде 23 жастағы жігіт суға кетіп қайтыс болды
Куәгерлердің айтуынша, жігіт суда жүзу білмеген
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбеде 23 жастағы жігіт суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 30 маусым күні Ақтөбе қаласының Елек өзенінде болған. Қайтыс болған жігіт тыйым салынған аумақта шомылған.
«Куәгерлердің айтуынша 1998 жылы туған ер адам сау күйде болған, бірақ суда жүзу білмеген. Құтқарушылар оның денесін 2,5 метр тереңдіктен алып шықты»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, биыл облыс аумағында 12 адам суға кетіп көз жұмды. Оның 3-еуі бала.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді