Көкшетаудағы көпқабатты үйден 35 адам эвакуацияланды
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Бүгін, 30 маусымда Боровской шағын ауданындағы көпқабатты үйдің 35 тұрғыны эвакуацияланды. 9- қабаттағы өрт шыққан пәтерде үй иелері болмағандықтан өрт сөндірушілер автосатыны қолданып, өртті көшеден сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 12:10-да Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына жедел түрде өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.
Шақыру орнына келісімен ақпарат расталды. 9 шаршы метр алаңның балконында өрт болды, соның нәтижесінде баспалдақ маршы бойынша 35 адам эвакуацияланды. Сағат 12.30-да басталған қызыл жалын өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері нәтижесінде 6 минуттан кейін сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД-ның 14 қызметкері мен 5 техникасы шықты.
Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін ескертеді.