30.06.2021, 15:10
Оқиғалар
Ақтау қаласында құрылысшылар арасында жанжал шықты
Жұмысшылар арасындағы жанжалға полицейлерге араласты
Ақтау қаласындағы Rixos Water World қонақ үйі жанынан салынып жатқан нысан жұмысшыларының арасында жанжал шықты, деп хабарлайды lada.kz.
Оқиға 29 маусым күні кешкі сағат 19:20 шамасында болған. Бұл жанжалға кәсіпорынның қауіпсіздік бөлімі мен құрылыс алаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері араласып, жұмысшылар арасындағы дауды басқан.
Оқиға орнында күзет және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізілді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, бұл оқиғаға қатысты тараптардан шағым түспегенін айтты.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді