ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Астанада бензин толы 4 цистерна рельстен шығып кетті

Зардап шеккендер жоқ

Көрнекі фотосурет

Нұр-Сұлтанда бензин құйылған 4 цистерна рельстен шығып кетті деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«28 маусым күні сағат 13:30-да «Өндіріс» теміржол станциясынан бензин құйылған 4 цистернаның рельстен шығып кеткені туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді. Оқиға орнына жеткен кезде төтенше жағдайлар саласының өкілдері бензин құйылған 4 цистернаның рельстен шығып кеткенін көрді. Алайда бензин төгілмеген, цистерналар да аударылмаған» делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы кезде электр желілері жинақталып, жедел штаб құрылды. Оқиғаның салдарымен жұмысқа жеке құрамнан 25 адам, 4 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаментінің өртпен күрес бекеттері орнатылды.