ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

ҰҚК есірткі тасымалдайтын трансұлттық құрылымның жолын кесті

Алматыда ресейліктер іздестіріп жатқан «М» қылмыс үстінде ұсталды

фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ауғанстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастырған трансұлттық есірткі құрылымының әрекетін анықтап, жолын кесті.

Халықаралық операция нәтижесінде 15 маусымда Алматы қаласында 25 келі есірткі құралын тасымалдау кезінде есірткі трафигін ұйымдастырушы және Ресейде осыған ұқсас есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей ФҚҚ іздестіріп жатқан «М» қылмыс үстінде ұсталды. Аталған адам қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Тәжікстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланған.

Сонымен қатар оның сыбайласы – Қазақстанның «К» деген азаматы ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне алынды.