Атырауда азаптау қылмысын жасады деген күдікпен екі полиция қызметкері ұсталды - БАҚ

Ұсталған полиция қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамалды

Атырауда азаптау қылмысын жасады деген күдікпен екі полиция қызметкері ұсталды - БАҚ
көрнекі фото

24 маусымда Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер Жылыой аудандық полиция бөлімінің азаптау қылмысына күдікті екі жедел уәкілін ұстады, деп хабарлайды azh.kz.

Басылымның хабарлауынша, 26 жастағы екі полицей ұрлық жасады деген күдікпен Құлсары қаласының тұрғынынан мәжбүрлеп мойындау жауабын алған. Соққыға жығылған құлсарылық полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы Антикорға шағымданды. Полиция күнін тойлағаннан кейін полицейлер ұсталды. Оларға қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша – 146-баптың 2-тармағының 1-тармағы (Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған азауптаулар) және 362-баптың 4-тармағының 1-,3-тармақшасы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Атырау облысының полиция басқармасы өз қызметкерлерінің ұсталу фактісін растап, бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. 

Ұсталған полиция қызметкерлері Атырау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.