Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Павлодарда қызметтік иттің көмегімен жоғалып кеткен алты жасар қыз табылды

Қыз бала ата-анасына қайтарылды

Павлодарда Рекс жоғалып кеткен алты жасар қызды табуға көмектесті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21.05-те Павлодар қаласының жедел басқару орталығынан Мир көшесі, 19 мекен-жайында белгісіз бағытқа кеткен Анастасия есімді алты жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

​« 5512 әскери бөлімінің маман кинологы сержант Ертай Айтқазин Рекс атты қызметтік итпен көрсетілген жерге келіп, қыздың жеке заттарын алып, итті ізімен жіберген. Төрт аяқты "Океан" сауда үйіне қарай алып барған. Анастасия "Биосфера" дәріханасының жанынан табылды. Осыдан кейін қыз ата-анасына қайтарылды», - деді ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.