$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2019, 15:31
Оқиғалар

Олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алып жатқан сәтте ұсталды

Ол кәсіпкерден 6 млн 625 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді 

Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деп айыпталуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісі пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 млн.625 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

17 желтоқсанда аталған тұлғалар ұсталып, Алматы қ. ІІД УҰИ-ына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.

Серіктес жаңалықтары