ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Фурманов шыңында екі турист адасып кеткен - ТЖМ

Туристер қаладағы қауіпсіз жерге жеткізілді

фото: ТЖМ баспасөз қызметі

24 маусым күні Республикалық жедел-құтқару жасағына тауда екі жас жігіттің адасып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.  Ақпарат бойынша, олар «Медеу» мұз айдынының маңында болған, тауда қатты нөсер жүрген.

Құтқарушылар адасқандарға қоңырау шалып, екі жігіттің қайда жүргенін анықтаған.

РЖҚЖ қызметкерлері туристерге қарай жаяу жүріп, жол бойы жастармен хабарласып олардың орналасқан жерін нақтылап отырды. Алынған ақпаратқа сүйене отырып, жедел топ Фурманов шыңына қарай бет алды (биіктігі теңіз деңгейінен 3053 метр). Іздестіру операциясы қатты тұманнан күрделене түсіп, жаңбыр жауып, шөп ылғалданып, өте сырғанақ болған.

Құтқарушылар шыңға жақындағанда шамның жарығын көрді. Туристер Фурманов шыңы маңындағы бақылау палубасынан табылды, олар қатты шаршап, тоңып қалған. Ешқайсына медициналық көмек қажет болмады. РЖҚЖ қызметкерлері жедел көлікке дейін адасқандарды сүйемелдеуге кірісті. Туристер қаладағы қауіпсіз жерге жеткізілді.