$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2021, 13:27
Оқиғалар

Павлодарда жастар арасында төбелес шығып, біреуі ауруханаға түсті

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Павлодарда жастар арасында төбелес шығып, біреуі ауруханаға түсті
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда жастар арасында төбелес шығып, біреуі ауруханаға түсті. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 21.20-да полицияға қалалық саябақ маңындағы «Белис» дәмханасының жанында соққыға жығылған жігіт жатқаны туралы хабарлама түскен. 

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері үш жас жігіттің дәмханада алкоголь ішкенін анықтады. Сағат 20.30 шамасында мекеме күзетшілері олардан дәмханадан кетуді сұраған, өйткені жігіттер агрессивті әрекет ете бастаған. Олардың біреуі көшеде өтіп бара жатқан адаммен жанжалдасып қалып, соңы төбелеске ұласқан»,  - деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оқиға салдарынан мұрны жарақаттанған жас жігіттің бірі ауруханаға жеткізілді. Төбелеске қатысушылардың барлығы анықталды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Серіктес жаңалықтары