$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2021, 12:16
Оқиғалар

Алматыда 100 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ қамауға алынды

Ол бұрын осыған ұқсас қылмыстық әрекеті үшін жауапқа тартылған

Алматыда 100 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ қамауға алынды
фото: polisia.kz

Медеу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 31 жастағы Р.есімді азаматша бірнеше рет алаяқтық жасаған. Оның төрт қылмыстық эпизодқа қатысы бары және 100 миллион теңгеден астам шығын келтіргені дәлелденді.

«Бөлім қызметкерлері компаниялардың бірінің өнімдерін «сатумен» айналысқан әйелді ұстады. Ол келесідей әрекет еткен: бірлескен кәсіп жүргізуді сылтауратып, пайда мен тауар алуға көмектесуге уәде беріп, азаматтардың сеніміне кіріп, өз мүддесін көздеп кәсіпке ақша салуды ұсынған. Алайда, әйел адам «кәсіпті» дамытуға алынған қаржыны өзі иемденген. Телефонын өшіріп, контактілерді бұғаттады. Оның алаяқтық әрекеті тек Алматы қаласын қамтыды деп ойламаймыз. Оған алданғандар жүздеген азамат болуы мүмкін», - дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Р. есімді азаматша бұрын осыған ұқсас қылмыстық әрекеті үшін жауапқа тартылған. Бірақ, ол әрекетінен сабақ алмай, қылмыстық жолға қайта түскен. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлімі – аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам қамауға алынды.

Сонымен қатар, полиция, күдіктіні таныған және оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды келесі телефондарға хабарласуға шақырады: 8-701-955-90-25; 8-701-739-53-94; 254-48-02.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #алаяқтық