$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2021, 04:48
Оқиғалар

Ақтөбеде ер адам ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болған

Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбеде ер адам ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болған
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

18 маусымда Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының жедел басқару орталығының «102» телефонына дүкеннің 43 жастағы сатушысынан дүкенге тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан ер адамның кассадан ақша талап еткені туралы хабарлама келіп түскен.

«Сатушы оған қарсы тұра отырып, тонаушыны дүкен бөлмесінен итеріп шығарып, алдыңғы есікті ішінен жауып тастаған. Содан кейін полицияға қоңырау шалған. Патрульдік полиция наряды көп ұзамай 37 жастағы күдіктіні ұстады. Қылмыс құралы таспамен оралған ойыншық тапаншасы болып шықты», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары