Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен балалы әйел табылды
Әйелдің жұбайы Оңтүстік Кореяда жұмыста екені анықталды
Көкшетау қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының хабар-ошарсыз жоғалған тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайын енесі әйелдің 14 маусым күні 4 жасар ұлын ертіп, үйінен кетіп қалғанын айтқан.
Полиция қызметкерлері жоғалған адамды іздеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырды. Ақмола облысының аумағында жас әйелдің жоғалып кеткені туралы бағдарлар дереу жіберілді, сондай-ақ оның болуы мүмкін барлық орындары тексерілді, туыстары мен таныстары сұралды.
«Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Көкшетау қалалық Полиция басқармасыгың криминалдық полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтады. Полицейлер әйелдің елордадан Көкшетау қаласына келгенін тіркеп, Көкшетау – Нұр-Сұлтан тасжолында әйел отырған көлікті тоқтатты», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта әйелдің және оның баласының жағдайы жақсы, олар туыстарына берілді, олардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Әйелдің жұбайы Оңтүстік Кореяда жұмыста екені анықталды.
Онымен бірге тұратын әйелмен және жұбайының туыстарымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы ескере отырып, отбасына ювеналды полиция қызметкерлері тарапынан да көңіл бөлінетін болды.