$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2021, 10:55
Оқиғалар

Әскери ұшақ апатынан зардап шеккен ҰҚК-ның екі қызметкері аурухадан шықты

Апат салдарынан 4 адам қаза тапқан еді

Әскери ұшақ апатынан зардап шеккен ҰҚК-ның екі қызметкері аурухадан шықты
скриншот: видео

13 наурызда Алматы әуежайы маңында АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 4 қызметкері қаза тауып, екі адам Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Үш айдан астам уақыт ем алған ҰҚК-ның екі қызметкері ауруханадан шығарылды. 

«Толық емдеу курсынан өткен соң екі әскери қызметші де Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды», - деді аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Еске сала кетейік, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып кетіп, Алматы әуежайы маңында апатқа ұшырады. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, екі адам №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Ұшақ апаты болған күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әуе апатының себептерін анықтауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары