$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2021, 18:20
Оқиғалар

Кісі қолынан қаза тапқан Азия чемпионының әпкесі Тоқаевқа ашық хат жолдады

Марқұмның әпкесі бауырының өліміне қатысы бар бірнеше азаматтың жазықсыз қалып отырғанын айтты

Кісі қолынан қаза тапқан Азия чемпионының әпкесі Тоқаевқа ашық хат жолдады
марқұм Дәулет Хайролла

4 ақпан күні кісі қолынан қаза тапқан спортшы - каратэден Азия чемпионы Дәулет Хайролланың әпкесі Жадыра Айжанова тергеу амалдарының әділ өтпей жатқанына наразылық білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бауырымның қазасынан соң осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүрді. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қару ұстап, Дәулетті атқан Серік Садуовқа ғана іс қозғалды. Бірақ, оқиға орынында Дәулетті алдымен соққыға жығып, кейін С. Садуовтың қылмыс жасауына ықпал еткен қасында болған Е. Ерханай, Д. Сергейұлы, Р.Сайдуллаев жазасыз қалып отыр», - деді марқұмның әпкесі.

Жадыра Айжанованың айтуынша, Ақтөбе облыстық прокуратурасы да, полиция департаменті де олардың сөзін ескермей отыр.

«Олардың қылмысқа итермелеген әрекеттерін растап тұрған 8 куәгер бар, Ақтөбе облыстық прокуратурасы мен полиция депртаменті олардың сөзін ескермей, бір ғана қылмыскерді жазаға тартып отыр. Біздің өтінішіміз қанағаттандырылмағандықтан бүгін ҚР Президентіне ашық хат жолдадық. Облыстық прокуратура мен сот өкілдерінің әділ болуын талап етемін!», - деді ол.

Аталған мәселеге қатысты Azattyq Rýhy тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне, облыстық ІІД, облыстық сотқа хабараласты.

Оқи отырыңыз: Дәулеттің мәйітінің фотоларын көру ата-анасына ауыр тиіп жатыр – Каратэден Азия чемпионының әпкесі

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі аталған мәселеге істі сотқа жіберген Ішкі істер департаменті мен прокуратура жауап беретінін мәлім етті. Ал Ішкі істер департаментінің баспасөз өкілі жауапкершілікті сотқа сілтеп отыр. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметімен күні бойы байланыса алмадық.

Серіктес жаңалықтары